nРадиациялық вулканизация жылдамдығы сондай – ақ молекулалық масса таралуына да байланысты: монодисперсті полимерлер үшін бұл қасиет тән. Эластомерлер негізіндегі вулканизаттар көбінесе төмен беріктік және деформациялық қасиеттермен сипатталады, бұл қатты көміртек – көміртек байланыстарының түзілуіне әкеліп соғады. Бұл кемшіліктерді жою үшін күкірт пен ионизирленген сәулелену яғни комбинирленген вулкандауды қолданады. Жоғары физика – механикалық және эксплуатациялық көрсеткіштермен ол біруақытта күкірт және радиациялық вулкандау арқылы алынған құрамында С – С және С – S – С көлденең байланыстары резиналарға тән қасиет. Радиациялық вулкандау кремниийорганикалық каучуктерден түрлі бұйымдар алу үшін қолданыс табуда.
nРадиациялық тігудің эффективтілігін радиациялық – химиялық шығыспен G полимер 100 эВ энергияны бойына жұтқанда көлденең байланыстармен сипатталады, ол мән бірнеше тігілген полимерлер үшін G  = 1 – 4 құрайды.